Семейде BMW X5 автокөлігінің жүргізушісі көлік басқарудан шеттетілді.

    19 қарашада Семей қаласында патрульдік полиция қызметкерлері тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ 39 жастағы BMW X5 автокөлігінің жүргізушісін анықтады.

    Тексеру барысында ер адамның 2018 жылы автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

    Көлік құралын басқару құқығынсыз басқарғаны үшін оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды. Жүргізуші көлік басқарудан шеттетіліп, автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

    Автокөліктің иесі қазіргі уақытта қала аумағынан тыс жерде жүр. Оны жауапкершілікке тарту мәселесі барлық мән-жай анықталғаннан кейін шешіледі.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары