Абай облысының полицейлері жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауға бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. 16-30 қараша аралығында өтіп жатқан іс-шара басталғалы алты әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Бородулиха ауданында балық аулау және балық ресурстарын қорғау ережелерін бұзудың екі дерегі анықталды. Балық аулау үшін «қытай аулары» деп аталатын синтетикалық моноволокнонан жасалған аулар пайдаланылған. Тасталған немесе үзілген ау құралдары су айдындарында ұзақ уақыт қалып, балықтар мен басқа да су жануарлары үшін тұзаққа айнала береді.
Балық аулау ережелерін бұзу Көкпекті ауданында және Семей қаласында анықталды. Ақсуат және Көкпекті аудандарында аңшылық ережелерін бұзудың бір дерегінің жолы кесілді.
Полиция аңшыларға белгіленген шектеулерді сақтау қажеттігін ескертеді. Тыныштық аймақтарында және көбейту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынған. Сондай-ақ елді мекендер аумағында және олардың айналасындағы үш шақырым радиуста тегіс ұңғылы және ойық ұңғылы аңшылық қаруды қолданып аң аулауға тыйым салынады.
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 30 қарашаға дейін жалғасады. Полицейлер тұрғындарды табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға және браконьерлік деректері туралы «102» нөміріне хабарлауға шақырады.11811:07
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









