Жарма ауданында полицияның Жедел басқару орталығы ашылды

    Абай облысының Жарма ауданында Жедел басқару орталығы жұмыс істей бастады. Оның ашылуына облыс әкімі Берік Уәли мен Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров қатысты.

    Орталық қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, полиция жасақтарын оқиға орындарына жіберіп, олардың іс-қимылдарын үйлестіре алады.

    Орталықтың іске қосылуына орай 77 жаңа құрылғы орнатылды. Оның 72-сі қоғамдық орындарды бақылауға арналған камералар болса, бесеуі жылдамдықты асыруды тіркейтін жылдамдық өлшегіштер. Әуеден бақылау және құқық бұзушылықтарды анықтау үшін полицейлер ұшқышсыз ұшу аппаратын да пайдаланатын болады.

    Жаңа орталық полицияға оқиғаларға жылдамырақ ден қоюға және тұрғындарға көмекті дер кезінде жіберуге мүмкіндік береді.96edited 21:27

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары