ШҚО: Самар ауданының прокуратурасымен пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды

    Жер заңнамасының сақталуы, пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жер учаскелерін анықтау мен мемлекет меншігіне қайтару мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында.

    Самар ауданының прокуратурасы жүргізген талдау инвестициялық жобаны іске асыру үшін берілген 5 жер учаскесінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаныyанықтады.

    Ағымдағы жылғытамыз айында ЖШС меншік иесі бизнес-бастаманы дамытудан бас тартқан. Бұл шешімді кәсіпорын өз бетінше қабылдаған және ол әкімшілік кедергілермен байланысты емес. Алайда нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған бөлінген жерлер мемлекетке қайтарылмаған.

    Прокурорлық қадағалау шараларымен құны 180 млн теңге болатын жалпы ауданы 2 930 гектар жер учаскелерінің мемлекет меншігіне қайтарылуы қамтамасыз етілді.

    Жер қатынастары саласында заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

    Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары