«Z MetalsHolding Limited» компаниясы құрылтайшыларының арызы негізінде 2026 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғап, оны тергеп-тексеру үшін Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне жолдады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Бас прокуратураның бақылауында.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге де мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





