Шығыс Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуге бағытталған мектеп оқушылары арасында «Заң және Мен» атты облыстық шығармашылық фестивалі екінші рет өткізілді.
Фестиваль өңірдің аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінен өткен дарынды әрі шығармашыл оқушылардың басын қосты.
Балалар шығармашылық, тың идеялар мен заманауи форматтар арқылы заңға, әділдікке, адалдыққа және азаматтық жауапкершілікке деген көзқарастарын білдірді.
Іс-шараға жасөспірімдерді қолдауға, олардың әлеуетін ашуға, әлеуметтенуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына бағытталған «Бірлікте күш бар» жобасының қатысушыларының қатысуы ерекше маңызға ие болды. Фестиваль олар үшін өз қабілеттерін көрсетуге және өз күштеріне деген сенімділікті сезінуге мүмкіндік берді.
Байқау қорытындысы бойынша Глубокое, Тарбағатай және Марқакөл аудандарының командалары жеңімпаз атанды.
Фестиваль облыс прокуратурасының бастамасымен әкімдікпен бірлесіп ұйымдастырылды. Ол игі дәстүрге айналып, жастарды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін тағы бір алаң болып қалыптасуда.
Заң мен тәртіп әрқайсымыздан басталады.
Бүгінде бұл құндылықтарды өскелең ұрпақтың өз үлгісімен, шығармашылығымен және белсенді азаматтық ұстанымымен дәріптеп жүргені ерекше маңызды!
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы




