Байқауға прокуратура органдарының жас және тәжірибелі қызметкерлері қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде сот отырыстарының аудио-бейнежазбаларын қарау арқылы үздік айыптау сөздері анықталды.
Екінші кезең қатысушылардың қолданыстағы заңнаманы білуі бойынша блиц-сауалнамадан, кейстік тапсырмаларды шешуден, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушының қорғау тарапының уәждерін талдау және айыптау ұстанымын дәлелдеу қабілетін бағалаудан тұрды.
Екінші кезең барысында байқауға қатысушылар өз білімдерін және оларды тәжірибеде қолдана білу дағдыларын көрсетті.
Байқау қорытындылары 2026 жылғы 6 желтоқсанда «Прокуратура күні» кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара барысында жарияланады.
Осындай іс-шаралар облыс прокуратурасы тарапынан жыл сайын өткізіледі. Олардың мақсаты – қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіру және үнемі жаңа заң нормаларымен толықтырылып, жетілдіріліп отыратын қолданыстағы заңнама бойынша білімдерін арттыру.
Мемлекеттік айыптаушылардың үздік айыптау сөздері республиканың барлық прокурорлары арасында өтетін байқауға қатысу үшін Бас прокуратураға жолданады.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы





