Көлік-экспедициялық қызметтер және 2026 жылдан бастап КТС бойынша шегерімдер

    Көлік-экспедициялық қызметтер және 2026 жылдан бастап КТС бойынша шегерімдер


    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын салық төлеушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша шегерімдерге жатқызуға қатысты шектеулер қолданылады.

    Бұл ретте көлік-экспедициялық қызметтерге ерекше назар аудару қажет.

    Егер компания экспедиторды тартса, ал экспедитор өз кезегінде оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ді қолданатын тасымалдаушыны жалдаса, онда тасымалдау шығыстары КТС бойынша шегерімдерге жатқызылмайды. Бұл ретте тасымалдаушының қызметтері делдал арқылы сатып алынғаны маңызды емес.

    Көлік экспедициясы шарты бойынша экспедитор сыйақы үшін және клиенттің есебінен әрекет ететінін, ал жүк тасымалдауға байланысты қызметтерге ақы төлеу жауапкершілігі клиентке жүктелетінін ескере отырып, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ді қолданатын тасымалдаушыны тартуға байланысты туындайтын шығыстар клиенттің шығыстары болып табылады. Осыған байланысты, КТС-ғы есептеу мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай шығыстар қызметтердің экспедитор арқылы сатып алынғанына қарамастан, КТС бойынша шегерімдерге жатқызылмайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары