Сұрақ - Жауап

    Сұрақ-жауап

    1-сұрақ. Егер ЖК пәтерді кәсіпкерлік қызмет үшін тегін пайдаланса, табыс туындай ма?

    Жауап: Иә. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын ЖК-де пәтерді пайдалануға қатысты өтеусіз алынған қызметтер түріндегі табыс туындауы мүмкін. Оның құны бухгалтерлік есеп деректері негізінде айқындалады.

    2-сұрақ. Егер ЖК пәтерді жалға берсе, салық төлеу қажет пе?

    Жауап: Иә. Пәтерді жалға беруден түскен табыс оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын ЖК-нің салық салу объектісіне енгізіледі.

    3-сұрақ. Егер ЖК пәтер иесінің коммуналдық қызметтері мен жөндеу шығындарын төлесе, пәтер иесінде табыс туындай ма?

    Жауап: Иә. Пәтер иесі болып табылатын жеке тұлғада осындай шығындарды өтеу сомасының құны мөлшерінде төлем көзінен салық салынуға жататын табыс туындайды. Бұл жағдайда жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу, ұстап қалу және бюджетке төлеу міндеттерін салық агенті ретінде ЖК төлем көзінен жүзеге асырады.

    4-сұрақ. Егер жалға алушы ЖК-ге коммуналдық қызметтер мен жөндеу шығындарын өтесе, бұл табыс болып есептеле ме?

    Жауап: Иә. Жалға алынған мүлікті күтіп-ұстау және жөндеу шығындарын өтеу ЖК-нің табысы ретінде танылып, салық салу кезінде есепке алынуы мүмкін.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары