2026 жылғы 23 қазанда Өскемен қаласында «Атамекен» ҰКП Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында «Салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, салық төлеушілер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, консалтингтік компаниялардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер қатысты.
Семинар барысында салық және кеден заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушілермен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимылының практикалық аспектілері қарастырылды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері баяндама жасады. Қатысушыларға салық заңнамасы бойынша келіп түсетін сұрақтарды қарау тәжірибесі, тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу тәртібі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда шеңберінде тауарлардың жекелеген түрлерін өткізу кезінде оларды есепке алу тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді.
Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша камералдық бақылау хабарламаларын орындау, кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңды тұлғалардың банкроттығы рәсімдерін жүргізу тәртібі, қалыптасқан тәжірибе мен өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
Семинар соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түсіндірмелер алып, салық және кеден заңнамасын қолдану барысында туындайтын практикалық жағдайларды талқылады.
Осындай іс-шараларды өткізу салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы ашық диалогты дамытуға, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын біркелкі түсінуді қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Семинар соңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Динмұхамед Жұманов қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіріп, барша қатысушыларды келе жатқан Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады.
«Салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар
1 / 4
Ұқсас материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛДІ
Байзақ ауданының әкімдігіАшу
Қазақстанда оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
«ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
Темір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Зейнетақы төлемдерінің 2027 жылғы өсімі туралы бейнематериал жарияланды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша ДепартаментіАшу
Оқу-ағарту министрі БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілімен кездесті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары

Құрылыс материалдарын әкелуді реттеу жөніндегі бұйрықтардың күшін жою туралы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
25 ҚАЗАН — РЕСПУБЛИКА КҮНІ!
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
«БИЗНЕС ЖӘНЕ САЛЫҚТАР»: РЕЗИДЕНТ ЕМЕСТЕРДІҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу