Зейнетақы төлемдерінің 2027 жылғы өсімі туралы бейнематериал жарияланды

    2026 жылғы 20 қазанда «AQTOBE TV / Ақтөбе телеарнасы» YouTube арнасында «2027 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақылар мен жәрдемақылар 8,5%-ға өседі» тақырыбындағы бейнематериал жарияланды.

    Материалда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 8,5%-ға арттыру жоспарланып отырғаны туралы ақпарат берілді. Төлемдерді арттыру бірыңғай тәртіппен жүзеге асырылып, барлық зейнеткерлерді қамтиды.

    Сонымен қатар, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшерін 118%-дан 120%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

    Бейнематериал азаматтарды алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" жаңалықтары