Тақырыбы: Бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақы және бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты жәрдемақы
Құрметті тыңдаушылар!
Бүгін біз бала дүниеге келген отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы айтып береміз.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес отбасыларға әлеуметтік көмектің әртүрлі түрлері көрсетіледі. Атап айтқанда, бұл — бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы.
Біріншісі — бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы.
Бұл — бала дүниеге келгеннен кейін бір рет берілетін ақшалай төлем. Оны алуға жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналардың екеуі де құқылы.
2026 жылы жәрдемақы мөлшері:
Бірінші, екінші және үшінші балаға — 164 350 теңге;
Төртінші және одан кейінгі балаларға — 272 475 теңге.
Егер отбасында егіз немесе бірнеше бала дүниеге келсе, жәрдемақы әр балаға жеке тағайындалады.
Екіншісі — бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы.
Бұл жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тиісті әлеуметтік төлем алуға құқығы жоқ адамдарға тағайындалады.
2026 жылы ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:
Бірінші балаға — 24 912 теңге;
Екінші балаға — 29 454 теңге;
Үшінші балаға — 33 952 теңге;
Төртінші және одан кейінгі балаларға — 38 493 теңге.
Аталған жәрдемақы бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайын төленеді.
Жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті электрондық үкіметтің eGov.kz порталы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ тиісті қызмет қолжетімді болған жағдайда банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.
Жәрдемақы тағайындау үшін баланың туған күнінен бастап 18 айдан кешіктірмей өтініш беру қажет.
Назарларыңызға рақмет!








