2026 жыл Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Республикалық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануы елдің саяси-құқықтық жүйесін ауқымды жаңғыртудың басталғанын білдіреді. Конституцияның жаңа редакциясында мемлекеттік билік құрылымына, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктеріне және мемлекеттің одан әрі даму қағидаттарына елеулі өзгерістер енгізілген.
Негізгі өзгерістердің бірі заң шығарушы билікті реформалау болды. Сенат пен Мәжілістен тұратын екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылды. Оны пропорционалды сайлау жүйесі бойынша қалыптастыру парламенттік өкілдікті жаңартуға және заң шығару процесін жетілдіруге бағытталған. Құрылтайға заңдар қабылдау, Үкіметтің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және мемлекеттік маңызы бар негізгі тағайындауларды келісуге қатысу өкілеттіктері беріледі.
Маңызды институционалдық өзгерістердің бірі – Қазақстан Республикасы Вице-Президенті лауазымының қайта енгізілгені. Вице-Президентті Президент Құрылтайдың келісімімен тағайындайды. Жаңа модельде мемлекет басшысының өз міндеттерін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда оның өкілеттіктерін беру тәртібі де айқындалған. Бұл мемлекеттік биліктің сабақтастығына қатысты мәселелерде құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді.
Жаңартылған саяси жүйеде Қазақстанның Халық Кеңесі ерекше орын алды. Ол жоғары консультативтік орган ретінде құрылды. Кеңестің көзделген өкілеттіктеріне Құрылтайдың қарауына заң шығару бастамаларын енгізу және республикалық референдум өткізу туралы ұсыныс жасау жатады. Кеңестің қызметі қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдары нығайтылған.
Жаңа Конституцияда заманауи сын-қатерлерге де назар аударылған. Цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуы жағдайында жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректерді қорғау мәселелері ерекше маңызға ие. Осыған қатысты кепілдіктердің Конституцияда бекітілуі азаматтарды цифрлық ортада қорғаудың құқықтық тетіктерін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.
Адам құқықтарының кепілдіктерін нығайтуға бағытталған ережелердің де маңызы зор. Олардың қатарына өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығы, ұсталған адамның өз құқықтарын білу құқығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының азаматтарын елден тыс жерлерде қорғауға кепілдік беру және басқа да құқықтық кепілдіктер жатады.
Конституцияда Қазақстанның егемендігі, аумақтық тұтастығы және ұлттық құндылықтары мәселелеріне ерекше мән беріледі. Бүгінде бұл қағидаттар ел бірлігін сақтау және мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін айрықша маңызды.
Азаматтардың мемлекет алдындағы жауапкершілігін бекіту де ерекше назар аударуға тұрарлық. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабының маңызы зор. Аталған бап заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу міндетін белгілейді.
Бұл норма салық жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі – салық салудың міндеттілігі мен әділеттілігін көрсетеді.
Салықтарды төлеу мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бұл қаражат әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, инфрақұрылымды дамытуға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын қаржыландыруға және мемлекеттік саясаттың басқа да басым бағыттарын іске асыруға қажет. Сонымен қатар салық міндеттемелері тек заңды негіздерде ғана белгіленуге тиіс, ал оларды орындау қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес қамтамасыз етілуі қажет.
Осылайша, Конституцияны жаңарту мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен құқықтық кепілдіктерді кеңейтуден бастап, азаматтардың міндеттері мен экономикалық дамудың негіздерін айқындауға дейінгі мәселелердің кең ауқымын қамтиды.
Жаңа Конституция Қазақстанның одан әрі дамуына, заңдылықты нығайтуға және мемлекет пен азаматтардың жауапкершілігін арттыруға құқықтық негіз қалыптастырады. Оның ережелерін сақтау, соның ішінде салық міндеттемелерін адал орындау, елдің тұрақты дамуы мен қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтудың маңызды шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Ұқсас материалдар

Биіктік белесінде: маңғыстаулық газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары төзімділіктерін сынады
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Ел еңбегін еңселендірген ел азаматы
Жангелдин ауданының Ақкөл ауылы әкімінің аппараты ММАшу
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті
Шу ауданының әкімдігіАшу
Қуантарлық жаңалық!
Сексеуіл кенті әкімінің аппаратыАшу
Тұрғын үй сапасы бақылауда
Жалағаш ауданының әкімдігіАшу
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары

Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
ЕАЭО ШЕҢБЕРІНДЕГІ ӨЗАРА САУДАДАҒЫ ТЫЙЫМ САЛУЛАР МЕН ШЕКТЕУЛЕР
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Алкоголь өнімдерін сақтау және өткізуге лицензиясы туралы. Кәсіпкерлер нені білуі керек?
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Сұрақ-жауап
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстарына салық салу
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу