ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы «Болашақ ойындары» жарысында І орын иеленді!
2026 жылғы 9–10 қараша күндері Шығыс Қазақстан облысында Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында «Болашақ ойындары» командалық жарыстары өтті.
Іс-шараны Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы ұйымдастырды.
Жарыстың басты мақсаты – заманауи цифрлық технологиялар мен спорттық белсенділікті ұштастыру, командалық өзара іс-қимылды, жылдам әрекет ету қабілетін, стратегиялық ойлауды дамыту, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Қатысушылар LASERTAG және VR - TACTICS атты екі бағыт бойынша бақ сынап, ептілік, тапқырлық, тактикалық ойлау және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Altay Rage командасы жоғары нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді!
Команда құрамында:
Кеңесбеков Жігер Аманжолұлы – команда капитаны;
Бақытқан Айқын Дарханұлы – ШҚО бойынша МКД Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы;
Маршалов Ерқанат Тілеумұратұлы – ШҚО бойынша МКД Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы;
Амангелдиев Бақытнұр Жарқынұлы – Өскемен қаласы бойынша МКБ Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;
Базарбаев Ерлан Ерзатұлы – Өскемен қаласы бойынша МКБ Камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы.
Altay Rage командасының жеңісі – ауызбіршіліктің, өзара қолдаудың, үйлесімді жұмыстың және ортақ мақсатқа деген ұмтылыстың нәтижесі.
Әріптестерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға, жаңа жетістіктерге және жарқын жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









