Өскемен қаласында «Салық мәдениеті: жастар және мемлекет» жобасы басталды

    1 / 9

    Өскемен қаласында «Салық мәдениеті: жастар және мемлекет» жобасы басталды


    2026 жылғы 10 қарашада Қазақстан-Америка еркін университетінде (ҚАЕУ) студенттер мен оқытушыларға арналған волонтерлік қозғалысты дамытуға және жастардың салықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту семинары өтті.

    Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өңірдегі университеттер мен колледждермен бірлесіп жүзеге асырып жатқан «САЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ: ЖАСТАР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ» атты өңірлік жастардың ағартушылық-волонтерлік жобасы аясында ұйымдастырылды.

    Жобаның негізгі мақсаты – жастардың салықтық және құқықтық мәдениетін арттыру, салықтық міндеттемелерді орындауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, волонтерлік қызметті дамыту және студенттерді қоғамға пайдалы бастамаларға тарту.

    Интерактивті сабақ барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының салық жүйесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда:

    - салықтардың қоғам мен мемлекет үшін рөлі мен маңызы;
    - Қазақстан Республикасының салық жүйесінің негіздері;
    - салықтардың негізгі түрлері;
    - жалпыға бірдей декларациялау;
    - қолданыстағы салық режимдері.

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы басқармасы мен Байланыс орталығының басшысы Гүлмира Камильевна Сабралинова салықтарды уақтылы әрі адал төлеудің маңыздылығына, сондай-ақ қоғамды дамытудағы салық мәдениетінің рөліне ерекше тоқталды.

    Студенттердің қызығушылығын Мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде жас мамандардың кәсіби тұрғыда қалыптасу және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат тудырды.

    Семинардың жарқын әрі есте қаларлық бөлігі жоба үйлестірушісі, заң ғылымдарының докторы Қуат Хажумұханұлы Рахимбердин өткізген «Әлемді өзгерткен салықтар» атты зияткерлік командалық викторина болды.

    Кездесу ашық диалог форматында, интерактивті тапсырмалар мен викторинаны қолдану арқылы өтті. Бұл студенттерге өз білімдерін тексеруге және көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді.

    Мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасында салық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және белсенді салық волонтерлерін даярлауға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары