Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ нысандарында өткізілген азаматтық қорғау бойынша кешенді оқу-жаттығуға қатысты. ТЖД өкілдері Ақтау қаласында орналасқан кәсіпорынның оқу-жаттығуға басшылық ету штабының құрамына кірді. Сонымен қатар Қаламқас кен орнында практикалық тапсырманы пысықтау барысында іс-қимылдарды тікелей бақылау және үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырды.
Оқу-жаттығу барысында «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ өндірістік алаңында мұнай резервуарындағы шартты өртті сөндіру, зардап шеккендерді үйінді астынан шығару, оларға шұғыл медициналық көмек көрсету және персоналды эвакуациялау мәселелері іс жүзінде пысықталды. Мұндай бірлескен іс-шаралар өңірдегі басқару органдары мен шұғыл қызметтердің төтенше жағдайларды жедел жоюға әзірлік деңгейін арттыруға бағытталған.
Маңғыстау облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









