«ҚазАзот» АҚ кәсіпорнында аварияға қарсы оқу-жаттығу өткізілді

    1 / 3

    Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері «ҚазАзот» АҚ аумағында ГРП-2 маңындағы газ құбырында орын алуы мүмкін шартты апат кезінде персоналдың әрекет ету дайындығын тексерді.

    Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – авариялық жағдайға жедел әрекет ету, газдың шартты түрде таралуын оқшаулау, хабарлау жұмыстарын ұйымдастыру және авариялық-құтқару қызметімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша практикалық дағдыларды пысықтау болды.Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша ТВС цехы персоналы мен АСС-1 авариялық-құтқару қызметінің іс-әрекеттері қанағаттанарлық деп бағаланды. Қойылған мақсаттар мен міндеттер толық орындалды. Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыруға, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге және кәсіпорындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.Өндіріс қауіпсіздігі – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!

    Маңғыстау облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары