11 қараша күніҚарақия ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Алтынғалиұлы аудан орталығы Құрық ауылындағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен және ауылдың қазіргі жағдайымен танысты.
Алдымен, ауылдың 1-шағын ауданында орналасқан №60, 61, 62, 63, 64 көпқабатты тұрғын үйлеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын көрді.
Талғат Алтынғалиұлы мердігер мекеме өкілдеріне жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтап, нысандарды уақытылы пайдалануға беруді тапсырды. Сонымен қатар тұрғын үйлердің айналасындағы тазалық пен абаттандыру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.
Бұдан кейін ауылішілік автомобиль жолдарын аралап, орташа жөндеуді қажет ететін көшелердің жағдайымен танысты. Осыған орай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне Құрық ауылы аумағындағы шұңқырлы, бүлінген жол учаскелерін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, жағажай аумағына барып, оның қазіргі жай-күйін көріп, тазалық пен абаттандыру мәселелеріне назар аударды.
Жүрмелі кеңес барысында жауапты бөлім басшыларына тұрғындар үшін маңызды мәселелерді назардан тыс қалдырмай, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау міндеттелді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








