Қарақия ауданы әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Қарақия ауданы - Маңғыстау облысының оңтүстігінде орналасқан, 1973 жылы құрылған әкімшілік бөлім. 7 елді мекен 4 ауылдық, 3 ауылдық округте біріктірілген. Орталығы - Құрық ауылы. Жалпы халық саны - 36 495 адам.

    «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қарақия ауданы әкімдігінің және әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысӨтіп жатыр

    «Еңбек жолы – 2026» конкурсы туралы

    Құрметті Маңғыстау облысының кәсіпорындары мен кәсіпкерлері. Сізге 2026 жылға «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға ниетті үміткерлерден өтінімдер қабылдана бастағандығын хабарлаймыз. Конкурстың өңірлік кезеңіне мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды: 1) Үздік еңбек әулеті – бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен) , қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады. Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс; 2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері – бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады. 3) Өндірістің үздік жас маманы – бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады; Конкурсқа қатысушылар Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ММ екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады: номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті; жеке куәліктің көшірмесін; номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген) ; конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында) ; еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама); жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат. Бар болған жағдайда ( келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса). Қосымша сұрақтар бойынша 8/7292/200952 немесе 8702 298 43 81 байланыс нөмірлері арқылы біле аласыздар. Үміткерлерге сәттілік тілейміз.

    4 маусым 2026 ж. – 31 желтоқсан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру!

    23 қазан 2026 ж.Тікелей
    Дом культуры района
    ОтырысАяқталды

    25 қазан Республика күні

    23 қазан сағат.11.00. Республика күніне орай салтанатты жиын.

    23 қазан 2026 ж.Тікелей
    Дом культуры района

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Тұрғын үйді жекешелендіру дегеніміз не?

    Жауап

    Тұрғын үйді жекешелендіру— бұл азаматтардың мемлекеттік немесе коммуналдық меншіктегі тұрғын үйді жеке меншікке тегін немесе белгілі бір шарттармен ақы төлеу арқылы рәсімдеуі. Бұл процесс Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және «Жекешелендіру туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мақсаты: Азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету және тұрғын үйді жеке меншікке беру арқылы олардың тұрғын үйге қатысты құқықтарын күшейту. Кімдер жекешелендіре алады? - Тұрғын үйді құқық негізінде (қызметтік, жалдау, т.б.) пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары; - Отбасының келісімімен, барлық бірге тұратын кәмелетке толған мүшелерінің жазбаша рұқсатымен. Қандай тұрғын үй жекешелендіріледі? - Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы пәтерлер (қызметтік болмаса); - Коммуналдық тұрғын үй; - Ведомстволық тұрғын үйлер (кей жағдайда); Жекешелендіруге болмайды: - Апатты жағдайдағы үйлер; - Жатақханалардағы уақытша берілген бөлмелер; - Қызметтік (әскери, ішкі істер, т.б.) пәтерлер.

    Сұрақ

    Жер учаскесін қалай бөлуге болады?

    Жауап

    Егер сіздің атыңызда бір үлкен жер учаскесі болса (мысалы, 10 сотық), және сіз оны бірнеше бөлікке (мысалы, 5+5 сотық) бөліп алғыңыз келсе, келесі қадамдарды орындау қажет: Техникалық мүмкіндігін анықтау - Жердің нысаналы мақсаты (тұрғын үй, шаруашылық, т.б.) бөлуге рұқсат береді ме – соны анықтау. - Құрылыс нормалары мен санитарлық талаптарға сай болуы керек. Жерге орналастыру жобасын (схема деления) жасау - Лицензиясы бар жерге орналастыру компаниясына жүгініп, бөлу жобасын жасатасыз. - Онда жердің қай бөлігін қалай бөлетініңіз, шекаралары, жоспарланған нысандар көрсетіледі. Жергілікті әкімдіктің келісімі - Аталған жоба жергілікті атқарушы органға (акиматқа) жолданады. - Акимат бөлуге рұқсат береді немесе бас тартады (негізімен). Жаңа жер учаскелерін тіркеу* - Рұқсат берілсе, жерге орналастыру актісі негізінде: - Әр жаңа учаске үшін кадастрлық нөмір алынады. - Әрқайсысы жеке меншікретінде тіркеледі. - Бұл рәсім "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО)немесе egov.kz арқылы жасалады.

    Сұрақ

    Тұрғын үй құрылыс үшін жер учаскесін қалай алады?

    Жауап

    Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу тәртібі Қазақстанда заңмен реттеледі. Жалпы алғанда, жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алу мынадай жолмен жүзеге асырылады: Өтініш беру Азамат өзі тұратын елді мекеннің жергілікті атқарушы органына өтініш береді. Өтініште: - Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін сұрау ниеті - ЖСН, мекенжай, байланыс деректері көрсетіледі Қажетті құжаттар - Жеке куәлік көшірмесі - Өтініш (еркін түрде немесе бекітілген формада) - Тұрғылықты жері бойынша тіркеу (талап етілуі мүмкін) Кезекке қою Жер учаскелері тегін және бір рет беріледі, бірақ кезек тәртібімен. Кезекке тұрған соң, сізге электронды кезек нөмірі беріледі. Кезек келсе ғана жер телімі бөлінеді (инфрақұрылым дайындалған соң). Бұл бірнеше жылға созылуы мүмкін. Кезек мәртебесін тексеру Кезегіңізді тексеруге болады: - egov.kz сайтында - Акиматтың ресми сайтында - ХҚКО-да Альтернатива – сатып алу Егер күткіңіз келмесе, жеке меншік жер учаскесін жеке тұлғалардан сатып алуға болады. Ол үшін нотариус арқылы сату-сатып алу келісімі жасалады және жерге меншік құқығы тіркеледі.

    Сұрақ

    Жергілікті атқарушы органның білім гранттары қалай тағайындалады?

    Жауап

    "Бакалавр "немесе" магистр "дәрежесі беріле отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысына сәйкес "бакалавр" немесе "магистр" дәрежесі беріле отырып, білім беру гранттары жергілікті бюджет қаражаты есебінен конкурстық негізде білім беру бағдарламаларының нақты топтары, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификаттарының балдарына сәйкес білім беру Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 5-10 тамыз аралығында қабылданады.

    Сұрақ

    5 жастағы балалар мектепке қабылдана ма?

    Жауап

    ҚР "Білім туралы" Заңына, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес бірінші сыныпқа олардың дайындық деңгейіне қарамастан, күнтізбелік жылы 6 жасқа толған балалар қабылданады.

    Сұрақ

    Мектепте тегін тамақ және басқа да әлеуметтік көмек кім ала алады?

    Жауап

    ҚР Заңына сәйкес "білім Туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 ақпандағы 2012 жылғы № 255 "қаулысына өзгерістер енгізу Туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 қаңтардағы 2008 жылғы № 64 "қаражатты жұмсау Ережесін бекіту Туралы, бөлінетін қаржылық және материалдық көмек көрсетуге әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және аз қамтылған отбасылар ішінен оқушыларға" мемлекет толығымен өтейді тамақтану шығындары тек қана білім алушылардың жекелеген санаттарын, оның ішінде: 1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар; 2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар; 3) отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар; 5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары. Мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру мемлекеттік қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

    Хаттама

    Қарақия аудандық Қоғамдық Кеңесі отырысының хаттамасы

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қарақия аудандық Қоғамдық Кеңесі отырысының хаттамасы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының депутаттарын сайлауға байланысты № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қарақия ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті

    Қарақия аудандық қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтіп, әлеуметтік маңызы бар мекемелердің атқарылған жұмыстары жан-жақты сарапталды. Жиын барысында Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Айгүл Утарбаева баяндама жасап, мекеменің бұған дейінгі атқарған жұмыстарына толық тоқталып өтті. Орталық тарапынан отбасылық құндылықтарды нығайту, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға кешенді көмек көрсету және әлеуметтік қолдау шараларын үйлестіру бағытында атқарылған іс-шаралардың нәтижелері көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар жиында «Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы Айнұр Қияқова баяндама жасап, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оңалту, әлеуметтендіру және оларға көрсетіліп жатқан арнайы педагогикалық-психологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігі жөнінде кеңінен баяндады. Күн тәртібінде көтерілген маңызды мәселелер комиссия мүшелерінің арасында қызу талқыға түсіп, өз кезегінде кеңес қатысушылары өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында айтылған ұсыныстар назарға алынды. Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарауға қатысты ақпарат

    Қарақия ауданы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімімен азаматтардан келіп түскен өтініштерді есепке алу, олардын орындалысын бақылау жұмысына талдау жүргізілді. Талдау жұмысының қорытынды ақпараты бойынша 2026 жылдың III тоқсанында азаматтардан 190 өтініш келіп түсті. Оның ішінде - 175 электронды түрде, 15 өтініш қолма – қол қабылданған. Оның ішінде – 169 өтініш тиістілігіне қарай бөлімдерге шешім қабылдау үшін жолданған. Өтініштердің көп бөлігі мынадай мәселелер бойынша түсті: Жұмыска орналастыру және әлеуметтік көмек – 58 Жер қатынастары - 77 Тұрғын үй – 29 Кәсіпкерлік – 6 Білім, мәдениет және спорт -5

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркеу қорытындылары туралы АҚПАРАТ

    Жарияланды: