Қарақия ауданында аппараттық жиын өтті

    1 / 7

    Қарақия ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Алтынғалиевтің төрағалығымен, аудандық аппараттық жиналыс өтіп, онда 2026 жылдың маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстар қаралды. Жиын барысында бюджеттің атқарылу барысы, құрылыс саласының көрсеткіштері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жоспарлар жан-жақты талқыланды.

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Айнагүл Жанайбаева баяндама жасап, 2026 жылдың түсімдері мен бюджеттің орындалу барысына тоқталды. Қаржылық көрсеткіштер мен қаражаттың мақсатты жұмсалуына қатысты есеп тыңдалып, тиісті бағыттар бойынша тапсырмалар берілді.

    Бұдан бөлек, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ахмет Тимурұлы 2026 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын ұсынып, алдағы кезеңге атқарылатын міндеттерді айқындап берді. Аудандағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы мен мерзімінде аяқталуы басты назарда екені атап өтілді.

    Жиын соңында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сырым Шапағат өз саласы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады. Тұрғын үй-коммуналдық секторды жетілдіру, жолаушылар тасымалы мен жолдардың сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатыны жеткізілді.

    Жиын соңында алдағы жылға жоспарланған жобалар пысықталып, бірқатар тапсырмалар берілді.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары