Қарақия ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Алтынғалиев Құрық ауылының тұрғындарын қабылдады.

    1 / 6

    Қарақия ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Алтынғалиев Құрық ауылының тұрғындарын жеке қабылдап, аудандағы өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылады. Кездесу барысында тұрғын үймен қамту және жұмыссыздықты жою бағытындағы түйткілдер көтеріліп, әрбір азаматтың өтініші жан-жақты тыңдалды.

    Қабылданған әрбір өтініш бойынша тиісті сала басшылары мен жауапты мамандарға нақты тапсырыстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды. Жиын соңында қабылдау жұмыссыздық мәселесін шешуге арналған жалпы форматтағы кездесуге ұласып, тұрғындарды жұмыспен қамту және тұрақты табыс көзіне қол жеткізу жолдары кеңінен сөз болды.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары