Петропавл полициясы есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізушіні жауапкершілікке тартты

    Петропавл қаласындағы Жамбыл көшесінде түнгі рейд барысында патрульдік полиция қызметкерлері 31 жастағы қала тұрғыны басқарған Changan Alsvin автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің есірткіге мас күйде көлік басқарғанын растады. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл құқық бұзушылық үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мас күйде көлік басқарудың мыңға жуық дерегінің жолын кесті. Рейдтік іс-шаралар күн сайын жалғасуда. СҚО ПД мас күйде рөлге отырған жүргізуші айналасындағылардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретінін еске салады. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары