СҚО ПД мен Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    1 / 10

    Жедел басқару орталығы қалай жұмыс істейді? Криминалистер қылмыс орнында нені зерттейді? Петропавлдағы Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің заң мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттері бұл сұрақтарға дәріс барысында ғана емес, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бөлімшелеріне ұйымдастырылатын экскурсиялар кезінде де жауап ала алады.

    СҚО ПД бастығы Руслан Назаров пен оқу орнының директоры Ағыбай Күшімбаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында студенттерге арналған бірлескен білім беру және профилактикалық іс-шаралар, таныстыру кездесулері өткізіліп, өндірістік тәжірибеден өтуге және түлектерді кейін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу көзделген.

    Облыстық полиция ведомствосының басшысы жастардың құқықтық мәдениетін, отансүйгіштігін, адалдық пен парасаттылық қасиеттерін, Заң мен тәртіп қағидаттарына құрметін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

    Ынтымақтастықты нығайту бастамашыларының бірі – заң пәндерінің оқытушысы, отставкадағы полиция майоры, бұрын криминалист болып жұмыс істеген Александр Лобода. Оның айтуынша, студенттердің құқық қорғау саласындағы қызметке қызығушылығы жоғары. Бүгінде оның байқауынша, әрбір екінші студент осы салада жұмыс істеуді ойлайды.

    Колледж заң саласының мамандарын 30 жылдан астам уақыт бойы даярлап келеді. Қазіргі таңда оның 200-ден астам түлегі СҚО ПД-де қызмет атқарады.

    Профилактикалық іс-шаралар өңірдегі криминогендік ахуалды сауықтыру жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында прокуратурамен бірлесіп жүргізіледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары