Петропавлде айырылысқан блогерлер 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

    1 / 4

    TikTok әлеуметтік желісін пайдаланушыларды петропавлдық тұрғын әйелдің тікелей эфирі ашуландырды. Эфир барысында ол өміріндегі қиындықтар туралы айтып, сөз арасында балағат сөздерді жиі қолданған.

    Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтау шараларын қабылдады. Ол Петропавл қаласының 40 жастағы тұрғыны Лилия Мухтанова болып шықты.

    Әйел өз әрекетін мас күйде болғанымен және бірге тұратын 31 жастағы Валерий Маркеловқа деген өкпесімен түсіндірді. Айта кетейік, ол да блог жүргізеді. Ер адам бейнежазбаларын мас күйде түсірмегенімен, онда былапыт сөздер қолданған.

    Полицейлер аталған деректер бойынша материалдар жинақтады. Сот шешімімен екі блогер де 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

    Полиция әлеуметтік желілердің ашық ақпараттық кеңістік екенін еске салады. Жазбалар, бейнежазбалар мен тікелей эфирлер барлық пайдаланушыға, соның ішінде кәмелетке толмағандарға да қолжетімді. Сондықтан интернеттегі қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау қажет. Құқық бұзушылықтар үшін заңнамада жауапкершілік көзделген. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары