Үндістанда өткен пара қол күресінен әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен Ұлытау облысының спортшылары туған жерге оралды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді әуежайда салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Спортшыларды қарсы алуға туған-туыстары, жаттықтырушылары, спорт саласының өкілдері мен жанкүйерлер жиналды.
Еске сала кетейік, әлем чемпионатында Ұлытау облысының спортшылары үш алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, Асылжан Иманбаева сол және оң қол күресінен алтын медаль иеленіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Азамат Нұралиев те қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Ал Ермек Смаилов күміс және қола медаль иеленіп, әлем чемпионаттарындағы жүлделерінің санын еселеді.
Осылайша, өңір спортшылары халықаралық додада ел намысын қорғап, бес медальмен оралды.
Бұл жетістіктер Ұлытау облысында параспорттың дамуына серпін беріп, жас спортшыларға үлгі болмақ.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









