Ұлытау облысындағы С. Қожамқұлов атындағы театрға академиялық мәртебе берілді

    Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлытау облысындағы С. Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына «Академиялық» мәртебесін берді, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Тиісті қаулы Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес қабылданды.

    Ұлытау облысындағы театрмен қатар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сәбит Мұқанов атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық-драма театрына да осындай мәртебе берілді.

    «Академиялық» мәртебенің берілуі – театрдың шығармашылық жетістіктеріне, отандық театр өнерін дамытуға, ұлттық мәдениетті сақтап, насихаттауға қосқан үлесіне берілген жоғары баға.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары