Қазақстан Еуропа Кеңесі конвенцияларына қосылу жұмысын жалғастыруда

    Страсбург, 2026 жылғы 5 қараша – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықты реттейтін еуропалық конвенцияларды қолдану жөніндегі сарапшылар комитетінің (PC-OC) 3-5 қараша аралығында Страсбургта өтіп жатқан жалпы отырысына қатысты.

    Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеңейту және қылмыстық сот төрелігі саласындағы Еуропа Кеңесі конвенцияларына қосылу бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Отырыс барысында қазақстандық делегация Еуропа Кеңесінің Сотталған адамдарды беру туралы конвенциясына (ETS № 112) қосылу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпарат ұсынды, қатысушыларды осы саладағы ұлттық заңнамамен және тәжірибемен таныстырды, сондай-ақ Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттер өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

    Конвенцияға қосылу сотталған адамдарды жазасын өз азаматтығы бар мемлекетте әрі қарай өтеу үшін беру мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

    Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Еуропа Кеңесімен ынтымақтастықты дамытуды және қылмыстық істер бойынша өзара іс-қимылдың халықаралық-құқықтық базасын кеңейтуді жалғастыра береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Страсбург қаласындағы Бас консулдығы" жаңалықтары