Алматыда балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізілді

    Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына қарасты Балалардың құқықтарын қорғау орталығының қызметкерлері ведомствоаралық комиссия өкілдерімен бірге мегаполистегі бірқатар мектептер мен жекеменшік балабақшаларға арнайы мониторинг жүргізді.
    Шараның басты мақсаты — білім беру және мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақтану сапасы мен гигиеналық талаптардың сақталуын, сондай-ақ бала құқықтарының бұзылмауын тексеру. Мониторинг барысында мамандар инфрақұрылымның жай-күйіне, бейнебақылау және қауіпсіздік жүйелерінің жұмысына, сонымен қатар оқу-тәрбие процесіне қажетті жағдайлардың жасалуына ерекше назар аударды.
    Анықталған мәселелер бойынша мекеме басшыларына тиісті уақытылы ұсыныстар беріліп, кемшіліктерді жою мерзімдері белгіленді. Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау бағытындағы мұндай мониторингтік жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары