ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Алматы қаласының әкімдігі өз сайлау учаскеңіз туралы өзекті ақпаратты нақты уақыт режимінде төмендегі ақпараттық ресурстар арқылы алу мүмкіндігі бар екенін хабарлайды:
- Веб-сервис:https://electorat.almaty.kz/
- Telegram чат-боты:https://t.me/almaty_maslihat_2026_bot
- Бірыңғай байланыс орталығы:109 телефоны арқылы.
- Алматы қаласының интерактивті картасы:https://mapalmaty.kz/elections2026 — референдумның учаскелік комиссияларының шекаралары мен орналасқан жерлері көрсетілген.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!
Азаматты нақты бір сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелген болуы негіз болып табылады.
Тіркеу, мекенжай мәліметтерін түзету және тексеру үшін электрондық үкіметтіңegov.kzпорталына кіріп, «Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне жүгіну қажет. Сондай-ақ бұл қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға болады.
ӨЗІҢІЗДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ ІСКЕ АСЫРЫҢЫЗ!
2026 жылғы 29 қарашада мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.
Дауыс беру орны туралы қажетті ақпаратты алдын ала білу үшін өз сайлау учаскеңіз туралы мәліметтерді тексеріп алыңыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









