Қазақстан әлемдік қоғамдық қауіпсіздік рейтингінде өз көрсеткішін жақсартты. 2026 жылғы жаһандық рейтингте еліміз 143 мемлекеттің арасынан 41-орынға тұрақтап, өткен жылмен салыстырғанда бір позицияға көтерілді. Жалпы, соңғы төрт жылда бұл бағыттағы нәтиже үш сатыға жақсарған.
Зерттеу барысында елдегі қылмыстық ахуал деңгейі, саяси зорлық-зомбылық қауіптері және азаматтардың жеке қауіпсіздігі ескерілді. Ішкі істер министрлігінің деректеріне сәйкес, 2026 жылдың тоғыз айында Қазақстанда қылмыс саны 15%-ға немесе 11 мыңнан астам жағдайға қысқарған.
Сонымен қатар, халықаралық заң үстемдігі индексінде (верховенство права) Қазақстан 67-орынды иеленді. Бұл санаттағы көшбасшылар қатарына Дания, Норвегия және Финляндия мемлекеттері кірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









