Қазақстандық магистранттар Еуропа Кеңесінде болып қайтты

    1 / 9

    Страсбург, 2026 жылғы 28 қазан – Республика Күнін мерекелеу аясында ҚР Бас консулдығы қазақстандық ALEM университетінің магистранттары үшін Еуропа Кеңесінің штаб-пәтеріне сапарын ұйымдастырды. Сапар Страсбургтың Халықаралық басқару мектебімен әріптестік негізінде ұйымдастырылып, іс-шара барысында қатысушылар Ұйымның қызметімен, оның еуропалық саяси кеңістіктегі рөлімен, сондай-ақ жұмыстың негізгі бағыттарымен танысты.

    Магистранттар үшін Еуропа сарайына экскурсия ұйымдастырылып, оның ішінде Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының бас мәжіліс залымен танысу да болды. Қазақстандық делегация Еуропа Кеңесінің Жергілікті және аймақтық билік органдары конгресінің жалпы отырысының барысын бақылау мүмкіндігіне ие болды.

    Сонымен қатар, Ұйымның киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі мен осы саладағы Қазақстанмен өзара ынтымақтастық перспективалары туралы брифинг өткізілді.

    Сондай-ақ, магистранттар Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарымен танысып, өзара іс-қимылдың перспективалары мен өзекті аспектілерін талқылады.

    Страсбургтың Халықаралық басқару мектебі (International Executive School) – оқытуға инновациялық тәсілге және болашақ мамандарды даярлауға бағытталған бизнес-мектеп. Мектептің білім беру тәсілі теориялық білімді практикалық тәжірибемен, нақты жобалармен жұмыспен және кәсіби орта өкілдерімен өзара іс-қимылмен ұштастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Страсбург қаласындағы Бас консулдығы" жаңалықтары