СҚО-да жас полицейлер зияткерлік викторинада жеңіске жетті

    1 / 7

    «Малыши» – жас полицейлер өз командасына әзіл-шыны аралас осындай атау берген. Алайда бұл атау олардың білім деңгейін көрсетуіне және «Оңай ақшаға қарсы адал еңбек» профилактикалық іс-шарасы аясында Qyzyljar Creative Center алаңында ұйымдастырылған зияткерлік викторинада жеңіске жетуіне кедергі болған жоқ.

    Іс-шараға полицияның түрлі бөлімшелерінен 40-қа жуық қызметкер қатысты.

    Бағдарлама профилактикалық бейнематериалды тамашалауды, психологиялық тренингті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларын білуге арналған зияткерлік викторинаны қамтыды.

    Қызмет өтілдері аз болғанына қарамастан, жас полицейлер жоғары дайындық деңгейін, ауызбіршілігі мен өздеріне деген сенімділігін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша «Малыши» командасы бірінші орынға ие болып, лайықты дипломдармен марапатталды.

    Өз сөзінде полиция майоры, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрболат Бегім жас қызметкерлердің назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау, қызметтік тәртіп пен жеке жауапкершіліктің маңыздылығына аударды.

    Іс-шара адалдық, принципшілдік пен жауапкершіліктің жай ғана кәсіби қасиеттер емес, қызметтік абырой мен қоғамның ішкі істер органдарына деген сенімінің негізі екенін тағы бір мәрте көрсетті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары