Жамбыл ауданының Пресновка ауылында ішкі істер органдары ардагерлері күніне орай волейболдан ашық аудандық турнир өтті. Дене шынықтыру-сауықтыру орталығы мен қазақ орта мектебінің спорт алаңдарында бес команда бас қосты. Олардың қатарында Жамбыл және Мамлют аудандарының полиция ардагерлері, Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қазіргі қызметкерлері, аудан әкімдігі мен шекара қызметінің өкілдері болды. Турнирді аудан әкімінің орынбасары Эльдар Шумеков ашты.
Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірінші орынға ие болды. Мамлют және Жамбыл аудандарының ардагерлері екінші және үшінші орындарды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен медальдарды СҚО ПД және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов табыс етті.
10 қараша – қызмет жылдарын құқық тәртібін қамтамасыз етуге арнаған жандарға құрмет білдіретін күн. Ардагерлер бүгінде де белсенді өмір салтын ұстанып, спортқа деген сүйіспеншілігін сақтап келеді. Олар өз үлгісімен жас қызметкерлерге жігер береді.
Турнир спорттық бәсекемен қатар, ардагерлер мен жас әріптестердің жүздесіп, пікір алмасуына, бір-біріне қолдау көрсетуіне және полициядағы жолдастық дәстүрді жалғастыруына мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









