🗓️2026 жылғы 6 қарашада «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүру бойынша қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселесі бойынша жеке көмекшілермен жұмыс кездесуі өтті.
📌 Кездесу барысында бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілген қызметтер үшін шығыстарды өтеу, актілерді ресімдеудің және есептіліктің дұрыстығы, сондай-ақ «Инватакси» қызметіне қатысты жекелеген мәселелер қаралды.
🔋 Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушыларға қажетті түсініктемелер мен сұрақтарға жауаптар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









