Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

    Бөлім туралы

    «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтерді көрсету, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мәселелерді үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Гүл СВОПы

    « Әрбір жапырақ - Қазақстанның экологиялық таза болашағына қадам !» Гүл СВОПына келіңіз - жабық өсімдіктермен , шламдармен және жасыл көңіл- күймен бөлісіңіз ! Алмасуға қатысыңыз , өзіңізді әкеліңіз және жаңаларын табыңыз ! ! «Таза Қазақстан» акциясы аясында - кеңістікті таза әрі жасыл етеміз!

    28 қараша 2025 ж.Тікелей
    ГУ «Отдел занятости и социальных программ города Сарани»
    Ақпарат

    Саран қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығы туралы

    Белсенді өмір сүру уақыты. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы–бұл әр адам үшін: – өзің үшін жаңа хоббиді ашуға; – пікірлес адамдарды табуға; – денсаулықты күтуге; – жасқа қарамастан оқуға және дамуға мүмкіндік береді. Қалауына қарай сабақты таңда: –қазақ тілін үйрену; –компьютерлік сауаттылық және интернет; –бассейн; –емдік йога және ЕДМ; –скандинавиялық жүру. Шығармашылық, араласу және қолдау: –қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер; –үстел ойындары; –экскурсиялар және мерекелік іс-шаралар; –заңгердің кеңесі; –денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мамандарының кеңесу; –психологиялық тренингтер. Орталық сандарда. Жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылды. Жеткізуші: «ADAAL» Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ. 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығында жобаны іске асыруға 7 960 116 теңге қарастырылған. 2026 жылдың 6 айында 4 111 862 теңге игерілді. Белсенді ұзақ өмір сүру бүгіннен басталады. Орталық– денсаулықты нығайтуға, жаңа білім алуға, достар табуға және күн сайын жаңа тәжірибелермен толтыруға арналған орын. Адамның жасы тоқтауға себеп емес. Бұл жаңа мүмкіндіктер ашатын уақыт!

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 6578-09 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін: кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; көрсетілген шешіммен бекітілген Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1.Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Саран қаласында және Ақтас кентінде тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай немесе оның бөлектері ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): ағымдағы және жинақтау жарналарын; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «цифрлық үкімет» веб-порталына жүгінеді.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Тұрғын үй көмегі жеткізушілер ұсынған ай сайынғы ағымдағы және жинақтау туралы шоттар және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан не «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап тұрғын үй көмегін көрсету туралы құжаттарды қарау және шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімін Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіппен анықтау.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларымен айқындалады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Аз қамтылған отбасыға (азаматқа) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.». 2. «Саран қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Саран қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы ТАӘ

    Жарияланды:
    Тізбе

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі

    Жарияланды:
    Әдістемелік ұсыныстар

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Жарияланды: