«Некеге дейінгі оқыту» жобасының 5-ші модулі өтті

    02.11.2026 жылы «Саран қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ «Некеге дейінгі оқыту» жобасы аясында «Отбасы ішіндегі эмоционалды интеллект және коммуникация дағдылары» тақырыбында онлайн-форматта соңғы 5-ші модуль өтті. Спикер ретінде орталықтың психологы Н.А. Пустовалова сөз сөйледі.
    Қатысушылар эмоционалды интеллект негіздерімен, эмоцияларды басқару тәсілдерімен және тиімді қарым-қатынас дағдыларымен танысты. Серіктесті есту, жанжалдарды сындарлы шешу және отбасында сенімді қарым-қатынас орнату қабілетіне ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" жаңалықтары