ӨКІЛДІКТІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА БОЛДЫ

    1 / 11

    Келудің мақсаты Атырау облыстық білім басқармасын қарасты Атырау қалалық психологиялық қолдау орталығының қызметімен танысу болды.

    Әңгімелесу барысында Орталық басшылығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және зорлық-зомбылықтан қорғауға, олардың арасында суицидтің алдын алуға және баланың құқықтары мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар мен іс-шаралар туралы айтып берді. Егер 2025 жылы 5 бала өз-өзіне қол жұмсағаны және 20 өзіне-өзі қол жұмсауға ұмытталған фактілері тіркелсе, биыл 8 өзіне-өзі қол жұмсау ұмтылысы және 5 аяқталған факілері тіркелген.

    Бүгінгі күні «Кәмелетке толмағандардың аддиктік мінез-құлқының алдын алу шаралары» психологиялық-педагогикалық модулін енгізу бойынша «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы жұмыс істейді және осы желі бойынша 8276 азаматқа психологиялық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, мектеп оқушыларымен, ата-аналармен және педагогтармен топтық сабақтар өткізіледі.

    Сондай-ақ, 24/7 тәулік бойы 114 сенім телефоны жұмыс істейді, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 7958 адамды қамтитын 809 іс-шара өткізілді. «BALAZHАN» платформасы бойынша оқыту сабақтары пилоттық режимде жүргізіледі, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау мен зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында 8 рет зерттеу жұмыстары, оқушылар арасында 197 ата-ананы тарта отырып, 4 психологиялық-профилактикалық іс-шара жүргізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі" жаңалықтары