ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ

    1 / 9

    23 қазанда Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің Атырау облысы бойынша өкілі Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысты.

    Сонымен бірге оған Арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталықтарының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, сала ардагерлері қатысты.

    Шара барысында Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы П.Хасанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сақтаев, кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы А.Семғалиев құттықтау сөз сөйледі.

    Жиналғандарды кәсіби мерекелерімен Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі Амангелді Абдолов та құттықтап, сөз соңында өз атынан «Алмалы» оңалту орталығының және № 4 Арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызметкерлеріне Алғыс хаттар тапсырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі" жаңалықтары