АУДАНДЫҚ ЖАРТЫЛАЙ КҮНДІЗІ СТАЦИОНАРДА 20 БАЛА ҚЫЗМЕТ АЛУДЫ

    1 / 10

    Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымның күндізгі болу бөлімшесінің ғимараты 2025 жылы ашылған.

    Қазіргі таңда мұнда 2026жылғы 20 бала қызмет алуда, оның ішінде 5 қыз, 15 ұл. Олардың психоневрологиялық аурулары бар – 14; тірек-қимыл аппараты бұзылған – 6. Сонымен қатар мекеме қызмекерлері 72 адамға үйден қызмет көрсетеді.

    Жалпы күндізгі жартылай стационарда 43 адам жұмыс жасайды.

    Қызметалушыларға тек төрт сағаттық қызмет көрсетіледі. Материалдық-техникалық база толыөтай қамтылған.

    Мекеменің жалпы жағдайымен Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов Исатай ауданына сапары кезінде танысқан болатын. Сонымен бірге Үйлестіру кеңесі мүшесі А.Тулешева мен Сараптама кеңесі мүшесі Ж.Дияшова да осы коррекциялық стационардың қызметіне жан-жақты мониторинг өткізді. Және оның қорытындысымен мекеме қызметіне қатысты ұсынымдар берілетін болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі" жаңалықтары