Ағымдағы жылдың 27 қазан күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовпен кездесті.
Кездесу барысында Амангелді Абдолов өңір басшысын тағайындалуымен құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі. Және Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің және оның өңірлердегі өкілдерінің құзыреті, өкілеттіктері қызметі туралы таныстырып өтті.
Өз кезегінде облыс әкімі Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігінің негізгі міндеттерімен де танысты.
Сонымен қатар, Амангелді Аманиязұлы мен Болат Оралұлы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында өзара іс-қимыл мен өзара ынтымақтастық жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.
Кездесу жылы атмосферада өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









