Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ИСЕСКО өкілдігі мәртебесі берілді

    1 / 3

    2026 жылғы 6 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасына арналған «Философия. Этика. Болашақ» атты халықаралық симпозиумы аясында ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасына Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ИСЕСКО) өкілдігінің мәртебесі берілді.

    Өкілдік жұмысы негізгі үш бағыт бойынша өрбиді. Ғылыми-зерттеу қызметі аясында дінтану, мәдениеттану саласындағы зерттеу жұмыстары тереңдетіліп, ислам әлемі мен Орталық Азияның ортақ тарихи-мәдени мұрасы зерделенеді.

    Білім беру және әлеуетті арттыру бағыты бойынша ИСЕСКО-ға мүше мемлекеттердің студенттері мен зерттеушілері үшін арнайы курстар, кәсіптік даярлау бағдарламалары әзірленіп, жазғы мектептер мен академиялық ұтқырлық ұйымдастырылады. Ал диалог және ағартушылық шеңберінде халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізіліп, ғылыми жарияланымдар дайындалады. Ресми құжатқа ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев пен ИСЕСКО бас директоры Сәлім Әл-Мәлік қол қойды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі" жаңалықтары