Интернет-алаяқтардың арбауына түспеу жолдары: полицейлер «Қазцинк» қызметкерлерімен кездесті
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қазцинк» АҚ ұжымымен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Полицейлер интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, телефон қоңыраулары, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер туралы айтып, дропперлікке тартылу қаупіне де назар аударды.
Кәсіпорын қызметкерлері әңгімеге белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Полиция қызметкерлері оларға жан-жақты жауап беріп, түсіндірмелерін қызмет барысында кездескен нақты мысалдармен толықтырды.
Кездесу соңында полицейлер қатысушыларды сақ болуға және цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды. Сондай-ақ алған ақпаратты ата-аналарына, әжелері мен аталарына жеткізуді сұрады. Бұл аға буын өкілдерін алаяқтардың айла-шарғысынан қорғауға көмектеседі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









