ШҚО полицейлері жолда қалған ерлі-зайыптыларға көмектесті
Тарбағатай ауданының тұрғыны жұбайымен бірге Өскемен қаласынан үйіне қайтып келе жатқан. Алайда Қарасу ауылының маңында көліктің қозғалтқышы істен шығып, жолда тоқтауға мәжбүр болған. Осылайша ерлі-зайыптылар әрі қарай жолды өздігінен жалғастыра алмаған.
Оларға Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары — полиция капитандары Мақсат Зейтин мен Әли Әмір көмекке келді.
Жол жиегінде тоқтап тұрған көлікті байқаған полицейлер бейжай қалмай, ерлі-зайыптыларға қол ұшын созды. Олар ақауы бар автокөлікті Ақжар ауылына дейін сүйреп жеткізді.
Көрсетілген көмегі мен жанашырлығы үшін аудан тұрғыны полицейлерге шынайы алғысын білдірді.
Мұндай әрекеттер адамдарға жанашырлық танытып, қиын сәтте көмекке келуге дайын болу полиция қызметінің ажырамас бөлігі екенін көрсетеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









