СҚО-ға Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы келді

    1 / 7

    Солтүстік Қазақстан облысына Қазақстан халқына Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы жұмыс сапарымен келді. Кездесулер барысында Президент бастамаларын іске асыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өңірдің өзекті мәселелерін шешу мәселелері басты назарға алынды.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы өңір үшін ерекше маңызға ие. Басым бағыттардың қатарында көлік инфрақұрылымын дамыту, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, ауыл шаруашылығын қолдау және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бар. Атап айтқанда, өңір үшін «Көкшетау - Петропавл» автожолын реконструкциялау жобасын іске асыру, логистикалық мүмкіндіктерді дамыту және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін жақсарту маңызды.

    Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Елдар Күзенбаев және ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин кірді.

    Жолдауды талқылау алаңдарының бірі №17 ұлттық жаңғыру мектебі болды. Мұнда білім беру саласының өкілдерімен кездесу өтті. Оған 130-ға жуық адам қатысты.

    Қатысушылар Жолдаудың негізгі бағыттарын, білім беру инфрақұрылымын дамыту, білім сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби өсуіне жағдай жасау мәселелерін талқылады. Адам капиталын дамытуға және өскелең ұрпақтың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бастамаларға ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ жұмыс тобы денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті. Көпбейінді облыстық ауруханада өткен диалог алаңына 100-ге жуық медицина қызметкері қатысты.

    «Жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жаңа ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және басқа да нысандар салынуда. Солтүстік Қазақстан облысында, Петропавл қаласында көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатқаны қуантады. Халыққа медициналық көмекті басқа қалаларға бармай-ақ, өз өңірінде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов.

    Жолдауды талқылаудың тағы бір алаңы С.М. Киров атындағы зауыт болды. Кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесуге 100-ге жуық қызметкер қатысты. Талқылау барысында зауыт жұмысшылары үшін тікелей маңызы бар мәселелер - жол инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту, газдандыру, ең төменгі жалақыны арттыру және кәсіпорынның даму перспективалары қаралды.

    «Біздің зауытта 475 адам жұмыс істейді. Жақында зауыт өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бүгін бізге Құрылтай депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және Ауыл шаруашылығы вице-министрі келді. Президенттің Жолдауы, ең төменгі жалақыны арттыру, сондай-ақ газдандыру, жолдар мен логистика мәселелері туралы айтып берді. Мұның бәрі біз үшін өзекті мәселелер. Қазір зауытты жекешелендіру мәселесі күн тәртібінде тұр. Ұжым сақталады деп уәде беріп отыр. Бізде дайын мамандар бар. Бұл жеке инвестициялар болады, демек, мүмкіндіктер де арта түседі», - деді өндіріс бастығы Александр Криволапов.

    Жұмыс тобы Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырады. Диалог барысында қатысушыларға Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі ережелері түсіндіріліп, өңір тұрғындарының өзекті мәселелері мен ұсыныстары талқыланады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары