Ордабасы ауданының жастарымен, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларымен «Қараспан», «Сарыарқа» ауылдарының тұрғындарымен экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда экстремистік және террористік идеологиялардың алдын алу және азаматтардың теріс көзқарастарға қарсы иммунитетін қалыптастыру болып табылады.
Кездес барысында тұрғындарға экстремизм мен терроризмнің қазіргі қоғамға тигізер қаупі түсіндіріліп, олардың алдын алу бойынша құқықтық және әлеуметтік тетіктері таныстырылды.
Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер «Экстремизм мен терроризм – тек қауіпсіздікке ғана емес, ұлттың бірлігі мен рухани тұтастығына да қатер төндіреді. Теріс идеология жақтастары ең алдымен сауаты төмен жастарды өз қатарына тартуға тырысады. Сол себепті, әр азамат өз білімін арттырып, күмәнді насихаттан аулақ болуы қажет», - деп тілге тиек етті.
Сонымен бірге, кездесуде экстремизм мен терроризмге қарсы күресте азаматтық қоғамның рөлі аталып өтті.
Аталған бағытта спикерлер «Әрбір тұрғын қоғамдағы күмәнді әрекеттерге бейжай қарамай, тиісті органдарға хабарлауы қажет. Бұл қылмыстың алдын алудың ең тиімді жолы. Жастардың әлеуметтік желілерде теріс идеологияның құрбаны болмауы үшін ата-аналар мен ұстаздардың бақылауы маңызды», - деп түсіндірді.
Радикалды бағыттағы ақпараттардан қорғану үшін медиа-сауаттылықты арттыру қажеттілігін баса айтты.
Террористік қауіп туындаған кезде жасалуы тиіс алгоритм реттілігі түсіндіріліп, ҰҚКД-мен дайындалған бейнематериалдар көрсетілді.
Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.
Кездесуге барлығы 200-ге жуық аудан тұрғындары қатыстырылды.
Материал Түркістан облысы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









