Түлкібас ауданында орналасқан «Ш.Уалиханов», «М.Жұмабаев», «М.Әуезов» атындағы ЖОМ оқушылары мен ұжымына және «Т.Рысқұлов», «Ақбиік», «Балықты» ауылдарының тұрғындарына «Жастар және қауіп: дұрыс бағытты қалай таңдаймыз?» тақырыбында экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Кездесудің мақсаты – жасөспірімдер мен халық арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, олардың мәнін және қорғану жолдарын түсіндіру болып табылады.
Шараға аудандық және облыстық насихаттық топтың мүшелері қатысып, мектеп оқушыларына экстремизм мен терроризмнің мәні, олардың қоғамға төндіретін қатері мен салдары түсіндірілді.
Спикер І.Нағызхан өз сөзінде «Экстремизм мен терроризм – кез-келген қоғамға қарсы бағытталған агрессиялық әрекет. Сондықтан жастарды ерте жастан бейбіт ойға тәрбиелеу – басты міндет» деп атап өтті.
Кездесу барысында әлеуметтік желілер арқылы тек расталған парақшалардан мәліметтерді алу қажеттігін жеткізді.
Сонымен қатар, мектеп психологы «Көп жағдайда экстремизм мен терроризм арбауына түсу – жалғыздық, түсінбеушілік, отбасындағы мәселелерден басталады. Сондықтан, ата-ана мен мұғалімнің рөлі өте маңызды» деп тілге тиек етті.
Қатысушыларға қоғам алдындағы жауапкершілік пен бейбіт өмір құндылықтары түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мардымды жауаптарын алды.
Кездесуге 100-ге жуық мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









