Шымкентте фильмнің премьерасы өтті

    Шымкент қаласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, сондай-ақ қоғамда радикалды идеологиялардың таралуына жол бермеуге бағытталған сегіз сериялы фильмнің премьерасы өтті.

    Киножобаның негізгі мақсаты – халық арасында радикалды идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыру, діни және ақпараттық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ, әсіресе жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту.

    Іс-шараға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, діни бірлестіктердің жетекшілері, бейінді мекемелердің мамандары мен жастар қатысты.

    Көрсетілім барысында қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді қамтитын фильмнің мазмұнымен танысып, оның негізгі идеясы мен тәрбиелік мәнін талқылады. Атап айтқанда, экстремистік және террористік идеологияларға қарсы іс-қимыл, азаматтардың радикалды діни ағымдардың ықпалына түсуінің алдын алу және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Фильм көрермендерді өмірлік құндылықтарды саралауға, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, саналы шешім қабылдауға және радикалды көзқарастардың кері ықпалына қарсы тұруға үндейді.

    Мұндай жобалар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызды құралы болып табылады және қоғамдағы келісім, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін қосады.

    Фильмді төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/yXQeF0bXvM4?si=MOYEIFIAKPGpUJWg

    Материал Шымкент қ. ТҚК ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары