Атырауда «Таза Қазақстан – жастар таңдауы» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлы атындағы №15 мектептің 6–7-сынып оқушыларына экологиялық сабақ ұйымдастырылды. «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбындағы танымдық кездесуге 50-ге жуық оқушы қатысты.
Сабақ барысында оқушыларға JerEcoHub экохакатонында жеңімпаз атанған үш команданың жобасы таныстырылды. Аталған жобалар қалдықтарды есепке алу, олардың көлемін азайту және қайта пайдалану мәселелерін қамтиды. Оқушылар әзірлемелермен танысу арқылы экологиялық мәселелерді шешудің нақты жолдарын біліп, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңызын түсінді.
Жоба координаторы Асылханым Ахмурованың айтуынша, мұндай кездесулердің мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларды табиғатқа жанашырлықпен қарауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күнделікті әрекеттерге үйрету.
– Жеңімпаз командалардың жобаларымен танысу арқылы оқушылар қалдықтарды азайтып, оларды қайта пайдаланудың жолдарын көре алды. Біздің мақсатымыз – жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты әрекеттерге баулу, – деді ол.
Кездесу соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, табиғатты қорғауға қатысты сұрақтарына жауап алды.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








