Құрылған күні-1938 жылғы 15 қаңтар. Әкімшілік орталығы-Атырау қаласы.
Атырау облысы әкімінің аппараты облыс әкімдігі мен әкімінің қызметіне басшылықты және бақылауды, ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Атырау облысы әкімінің аппараты 2022 жылғы 30 наурызда сағат 16:30 - да облыс әкімінің орынбасары Бекенов Қайрат Әскербекұлы азаматтардың жеке қабылдауын өткізетінін хабарлайды. Қабылдауға алдын ала жазылу 35-41-91, 35-45-20 телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады.
Атырау облысы әкімінің аппараты 2022 жылғы 26 қантарда облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбаев Қайрат Есқабылұлы азаматтардың жеке қабылдауын өткізетінін хабарлайды. Қабылдауға алдын ала жазылу 8(7122)-35-41-91 телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады.
Атырау облысы әкімінің аппараты 2021 жылғы 24 желтоқсанда сағат 16:00 - де облыс әкімінің орынбасары Бекенов Қайрат Әскербекұлы азаматтардың жеке қабылдауын өткізетінін хабарлайды. Қабылдауға алдын ала жазылу 35-41-91, 35-45-51 телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың 29 қарашасында сағат 15:00-де облыстың елді мекендерің этномәдени бірлестіктермен жұмыс, қоғамдық-саяси ахуал және ұлтаралық қатынастар, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік тіл, жастар саясаты, діни конфессиялар өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, дене шынықтыру және спорт, азаматтық қоғам, дефографиялық саясат, білім беру және денсаулық сақтау жөніндегі мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Б.К.Хаменованың азаматтарды офлайн режимде қабылдайды. Қабылдауға жазылу: 8 (7122) 354191, 354551 телефондары арқылы жүргізіледі.
Анонс Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Ағымдағы жылдың 28 қазанында сағат 16:00-де облыстың елді мекендерін электр энергиясымен, сумен, газбен, жылумен қамту, су тарту, тарифтік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау, тұрғын үй құрылысы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарын дамыту, сәулет және қала құрылысын дамыту өңірлік бағдарламасының іске асырылуын үйлестіру мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Қайрат Әскербекұлы Бекенов офлайн режимінде азаматтардың бірыңғай қабылдау күнін өткізеді. Қабылдауға жазылу: 8 (7122) 354191, 354551 телефондары арқылы жүргізіледі
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Атырау облыстықмәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері Кім ұсынды № 1бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Тажигулов Саят Сайфуллаевич 1983 "Олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық клубы" ҚК, директордың орынбасары Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 2. Кумарова Куралай Амановна 1976 "Атырау" жастар театры КМҚК, басшы орынбасары Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 3. Семгалиев Алибек Аманжанұлы 1977 Атырау облыстық кәсіподақ бірлестігі, төраға Атырау қаласы "Әділет"партиясы № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Даулбаев Махамбет Урингалиевич 1972 Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсуретжәне қолданбалы-сәндік өнер музейі, басшы орынбасары Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 2. Кангожин Наурызбек Серикулы 2000 "Атырау облысының жастар ресурстық орталығы" КММ, бөлім басшысы Атырау қаласы "Ауыл"партиясы 3. Тулеева Фатима Набидуллаевна 1971 Атырау облысы Азаматтық Альянсының қоғамдық бірлестігі, төрайым Атырау қаласы "Әділет"партиясы № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Төленов Аңсаған Дауылжанұлы 1991 "Атырау жылу жүйесі" ЖШС, бөлім басшысы Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 2. Джакиев Асылбек Мухитович 1984 ЗТБ "Қазақстанның мұнай-газ Кеңесінің "PetroCouncil", төраға Атырау қаласы "Әділет"партиясы 3. Сисенов Мейрамбек Қайсарұлы 1994 "Қазақтелеком" АҚ-ы дауму департаменті, басшы Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Бузбанов Алдияр Максимович 1984 "Аксай Пром Сервис" ЖШС, техникалық директор Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 2. Садакбаев Султанбек Серикулы 1984 "Kaberhan Construction" ЖШС, директор Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 3. Елеуов Даулен Халидуллиевич 1975 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, бас дәрігердің орынбасары Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 4. Карагулов Атабек 1969 "Айбек" шаруа қожалығы, басшы Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 5. Косшиев Назарбек Тулеуишович 1976 "Атырау-Ақпарат" ЖШС-нің облыстық "Атырау" қоғамдық-саяси газеті, бас редактор Атырау қаласы "Әділет"партиясы № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Утеугалиева Перизат Кайыржановна 1967 Атырау облыстық балалар кітапханасы, директор Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 2. Танбаева Гульнафис Абдиллаевна 1994 №7 Атырау қалалық емханасы, директор Атырау қаласы "Әділет"партиясы 3. Төкешов Данияр Амантайұлы 2000 "Атырау қаласының бас жоспары" КММ, басшы орынбасары Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 4. Ерекешов Айбар Аскарович 1988 "Ембімұнайгаз" АҚ-ы, омбудсмен Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Сарсенов Гибрат Шахадатович 1983 "Saurida Oil and Gas" ЖШС, басшы Атырау қаласы "Әділет"партиясы 2. Утешев Ануарбек Жолдаскалиевич 1986 "Атырау қаласы әкімі аппаратының істер басқармасы" КММ, директор Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 3. Нетжанов Ернур Есенбекович 1986 Бұқаралық спорт түрлері бойынша спорттық клуб, директор Атырау қаласы "Ауыл"партиясы № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Құраай Заманбек Думанбекұлы 2001 "Инфо орталық" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 2. Сабурова Нургул Едигеевна 1982 "Атырау гидрогеология" ЖШС, бас директор Атырау қаласы "Ауыл"партиясы 3. Аманиязов Жәнібек Қайратұлы 1992 Атырау облысы ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығымен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы, директор Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 4. Имангалиев Талгат Асхатович 1975 С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, директорлар Кеңесінің тәуелсіз директоры Астана қаласы Өзін - өзі ұсыну № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Ескалиев Сагындык Магзумович 1991 "Жылыойсу" ЖШС, директор Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Өзін - өзі ұсыну 2. Джусупов Мурат Турланович 1990 "StamGazStroy" ЖШС-нің КСОТ жобасы, жалпы құрылыс жұмыстары учаске басшысы Атырау қаласы "Ауыл"партиясы 3. Қонарбай Болат Қайроллаұлы 1966 Болат Жол" ЖШС, бас директор Атырау қаласы "Әділет"партиясы № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Молдашова Жанат Жақсыбайқызы 1983 "КТК телеарнасы", Атырау облысы бойынша меншікті тілші Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 2. Жұмашев Асаналы Маратұлы 1983 "ПСК" ЖШС, директор Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы "Ауыл"партиясы 3. Балжигитов Сейтжан Капанович 1976 "Достан ата" ШҚ, басшы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы "Әділет"партиясы 4. Қабиев Асылан Әлімжанұлы 1994 "Жылыой ауданы әкімі аппаратының іс басқармасы" КММ, басқарма басшысының орынбасары Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Өзін - өзі ұсыну № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Гизатов Жанболат Самиголлаевич 1969 Индер аудандық Отбасын қолдау орталығы, басшы Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті Өзін - өзі ұсыну 2. Саламатов Аманбек Саламатович 1991 Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледжі, директордың кәсіби бағдар жөніндегі орынбасары Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті "Ақ Жол"партиясы 3. Ғазизов Абылайхан Жәнібекұлы 1993 "ARSM" құрылыс ЖШС, бас директор Атырау қаласы "Respublica"партиясы № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Букеев Шаттык Ержанович 1970 Исатай аудандық электр жүйесі, басшы Атырау қаласы Өзін - өзі ұсыну 2. Есенов Самат Байрханович 1987 Жеке кәсіпкер "Есенов" Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы "Ауыл"партиясы 3. Кайрденов Нурлан Саматович 1974 Жеке кәсіпкер "Ернар-Контракт", директор Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы "Ақ Жол"партиясы № 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Жакеев Тлеккабыл Хамидоллаевич 1958 "Нұрсайт - Сахиб" ЖШС, бас инженер Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы Өзін - өзі ұсыну 2. Рамазанов Бисембай Каримович 1966 "Құрманғазы Су Арнасы" ЖШС, инженер Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылы "Ауыл"партиясы 3. Шакупов Жумажан Умирзахович 1965 "Құрманғазы Балық" өндрістік кооперативі, басшысы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы ауылы "Әділет"партиясы № 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Губайдуллин Дулат Берикович 1989 "Қызылқоға" аудандық газеті, тілш Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы Өзін - өзі ұсыну 2. Ажигалиева Жанар Нареновна 1967 Қызылқоға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ, бөлім меңгерушісі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы "Ауыл"партиясы 3. Избасаров Шалкарбай Сайлаубаевич 1989 Атырау облысы "Тіл" оқу әдістемелік орталығы, басшы Атырау қаласы "Әділет"партиясы № 14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Сәбитов Әділет Маратұлы 2001 "Orta Jastary" , төраға Атырау облысы, Мақат ауданы,Мақат кенті Өзін - өзі ұсыну 2. Курмангалиев Камбар Нурланович 1988 "Атырау облысы Су арнасы" КММ нің, Мақат филиалының басшысы Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті "Ақ Жол"партиясы 3. Абзал Мақсотүлы 1979 "Әділет" партиясының Мақат аудандық филиалы, төраға Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті "Әділет"партиясы № 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Джанабатыров Жасулан Султашевич 1964 "Атырау Мұнай" ЖШС, бас инженер/ ТОО "Атырау Мұнай" Атырау қаласы "Ақ Жол"партиясы 2. Бақтығали Жасұлан Бақтығалиұлы 1990 Махамбет аудандық жасөспірімдер және балалар дене шынықтыру клубы, әдіскер Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы Өзін - өзі ұсыну 3. Магзомов Сатыбалды Тлегенович 1966 "Aidana- Agro" ШҚ, басшы Атырау қаласы "Әділет"партиясы
Жарияланды:
Ақпарат
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
Бірмандаттықаумақтық сайлау округтері бойынша Атырау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегіокругтіксайлау комиссияларының ХАБАРЫ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелді: №1 сайлау округі Тажигулов Саят Сайфуллаевич, 1983 жылы туған, «Олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық клубы» ҚК, директор орынбасары, Атырау қаласының тұрғыны; Кумарова Куралай Амановна, 1976 жылы туған, «Атырау» жастар театры» КМҚК, басшы орынбасары, Атырау қаласының тұрғыны; Семгалиев Алибек Аманжанұлы, 1977жылы туған,Атырау облыстық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы, Атырау қаласының тұрғыны. №2 сайлау округі Даулбаев Махамбет Урингалиевич, 1972 жылы туған, Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музей басшыcының орынбасары, Атырау қаласының тұрғыны; Кангожин Наурызбек Серикулы, 2000 жылы туған, «Атырау облысының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы, Атырау қаласының тұрғыны; Тулеева Фатима Набидуллаевна, 1971 жылы туған, «Атырау облысы Азаматтық Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,Атырау қаласының тұрғыны. №3 сайлау округі Төленов Аңсаған Дауылжанұлы, 1991 жылы туған, «Атырау жылу жүйесі» ЖШС-інің бөлім басшысы, Атырау қаласының тұрғыны; Джакиев Асылбек Мухитович, 1984 жылы туған, «Қазақстанның мұнай-газ Кеңесінің» PetroCouncil» ЗТБ-нің төрағасы, Атырау қаласының тұрғыны; Сисенов Мейрамбек Қайсарұлы, 1994 жылы туған, «Қазақтелеком» АҚ-ы даму департаментінің басшысы, Атырау қаласының тұрғыны. №4 сайлау округі Садакбаев Султанбек Серикулы, 1995 жылы туған, «Kaberhan Construction» ЖШС-інің директоры, Атырау қаласының тұрғыны; Елеуов Даулен Халидуллиевич, 1975 жылы туған, Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігердің орынбасары, Атырау қаласының тұрғыны; Косшиев Назарбек Тулеуишович, 1976 жылы туған, «Атырау-Ақпарат» ЖШС-інің облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Атырау қаласының тұрғыны. №5 сайлау округі Утеугалиева Перизат Кайыржановна, 1967 жылы туған, Атырау облыстық балалар кітапханасының директоры, Атырау қаласының тұрғыны; Танбаева Гульнафис Абдиллаевна, 1976 жылы туған, №7 Атырау қалалық емханасының директоры, Атырау қаласының тұрғыны; Төкешов Данияр Амантайұлы, 2000 жылы туған, «Атырау қаласының бас жоспары» КММ-нің басшы орынбасары, Атырау қаласының тұрғыны. №6 сайлау округі Сарсенов Гибрат Шахадатович, 1983 жылы туған, «Saurida Oil and Gas» ЖШС-інің басшысы, Атырау қаласының тұрғыны; Утешев Ануарбек Жолдаскалиевич, 1986 жылы туған, «Атырау қаласы әкімі аппаратының істер басқармасы» КММ-нің директоры, Атырау қаласының тұрғыны; Нетжанов Ернур Есенбекович, 1986 жылы туған, Бұқаралық спорт түрлері бойынша спорттық клубының директоры, Атырау қаласының тұрғыны. №7 сайлау округі Құрақбай Заманбек Думанбекұлы, 2001 жылы туған, «Инфо орталық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Атырау қаласының тұрғыны; Сабурова Нургул Едигеевна, 1982жылы туған, «Атырау гидрогеология» ЖШС-інің бас директоры, Атырау қаласының тұрғыны; Аманиязов Жәнібек Қайратұлы, 1992 жылы туған, Атырау облысы ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының директоры, Атырау қаласының тұрғыны. №8 сайлау округі Ескалиев Сагындык Магзумович, 1991жылы туған, «Жылыойсу» ЖШС-інің директоры, Жылыой ауданының тұрғыны; Джусупов Мурат Турланович, 1990жылы туған, «StamGazStroy» ЖШС-інің КСОТ жобасы, жалпы құрылыс жұмыстары учаскесінің басшысы, Атырау қаласының тұрғыны; Қонарбай Болат Қайроллаұлы, 1966жылы туған, «Болат Жол» ЖШС-інің бас директоры, Атырау қаласының тұрғыны. №9 сайлау округі Жұмашев Асаналы Маратұлы, 1983жылы туған, «ПСК» ЖШС-інің директоры,Жылыойауданының тұрғыны; Балжигитов Сейтжан Капанович, 1976жылы туған, «Достан ата» ШҚ-ның басшысы,Жылыойауданының тұрғыны; Қабиев Асылан Әлімжанұлы, 1994жылы туған, «Жылыой ауданы әкімі аппаратының іс басқармасы» КММ-нің басшысының орынбасары,Жылыойауданының тұрғыны. №10 сайлау округі Гизатов Жанболат Самиголлаевич, 1969 жылы туған, Индер аудандық Отбасын қолдау орталығының басшысы, Индер ауданының тұрғыны; Саламатов Аманбек Саламатович, 1991 жылы туған, Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледж директорының кәсіби бағдар жөніндегі орынбасары, Индер ауданының тұрғыны; Ғазизов Абылайхан Жәнібекұлы, 1993 жылы туған, «ARSM» құрылыс» ЖШС-інің бас директоры, Атырау қаласының тұрғыны. №11 сайлау округі Букеев Шаттык Ержанович, 1970 жылы туған, Исатай аудандық электр жүйесінің басшысы, Атырау қаласының тұрғыны; Есенов Самат Байрханович, 1987 жылы туған, Жеке кәсіпкер «Есенов» басшысы, Исатайауданының тұрғыны; Кайрденов Нурлан Саматович, 1974 жылы туған, Жеке кәсіпкер «Ернар-Контракт» директоры, Исатайауданының тұрғыны. №12 сайлау округі Жакеев Тлеккабыл Хамидоллаевич, 1958 жылы туған, «Нұрсайт – Сахиб» ЖШС-інің бас инженері, Құрманғазы ауданының тұрғыны; Рамазанов Бисембай Каримович, 1966 жылы туған, «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС-інің инженері, Құрманғазы ауданының тұрғыны; Шакупов Жумажан Умирзахович, 1965 жылы туған, «Құрманғазы Балық» өндрістік кооперативінің басшысы, Құрманғазы ауданының тұрғыны. №13 сайлау округі Губайдуллин Дулат Берикович, 1989жылы туған, «Қызылқоға» аудандық газетінің тілшісі, Қызылқоғаауданының тұрғыны; Ажигалиева Жанар Нареновна, 1967 жылы туған, «Қызылқоға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің бөлім меңгерушісі, Қызылқоғаауданының тұрғыны; Избасаров Шалкарбай Сайлаубаевич, 1989 жылы туған, Атырау облысы "Тіл" оқу әдістемелік орталығының басшысы,Атырау қаласының тұрғыны. №14 сайлау округі Сәбитов Әділет Маратұлы, 2001 жылы туған, «Orta Jastary» ҚБ-нің төрағасы, Мақат ауданының тұрғыны; Курмангалиев Камбар Нурланович, 1988 жылы туған, «Атырау облысы Су арнасы» КММ-нің Мақат филиалының басшысы, Мақат ауданының тұрғыны; Абзал Мақсотұлы, 1979 жылы туған, «Әділет» партиясының Мақат аудандық филиалының төрағасы, Мақат ауданының тұрғыны. №15 сайлау округі Джанабатыров Жасулан Султашевич, 1964 жылы туған, «Атырау Мұнай» ЖШС-інің бас инженері,Атырау қаласының тұрғыны; Бақтығали Жасұлан Бақтығалиұлы, 1990 жылы туған, Махамбет аудандық жасөспірімдер және балалар дене шынықтыру клубының әдіскері, Махамбет ауданының тұрғыны; Магзомов Сатыбалды Тлегенович, 1966 жылы туған, «Aidana-Agro» ШҚ-ның басшысы, Атырау қаласының тұрғыны. Тиісті округтік сайлау комиссиялары
Жарияланды:
Ақпарат
Атырау облысы мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
Партиялық тізімдерді тіркеу қорытындысы туралы Атырау облысы бойынша АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) № р/р Тегі, аты, әкесінің аты Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері «Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы 1. Ажгалиев Бауржан Утепкалиевич 1967 «РАУАНТЕХ» ЖШС, Бас директор Атырау облысы, Атырау қаласы 2. Арпенова Акмарал Гатиховна 1984 «ARMA HOUSE» ЖК, директор Атырау облысы, Атырау қаласы 3. Ерубаев Серик Сарсенович 1968 «Ақ жол» ҚДП, төрағаның орынбасары Атырау облысы, Атырау қаласы 4. Жолмуханов Бауржан Ахонович 1964 ЖШС «SolarA.kz», кеңесші және құрылтайшы Атырау облысы, Атырау қаласы 5. Кулмагамбетов Вадим Равильевич 1978 «Ақ жол» ҚДП, заңгер Атырау облысы, Атырау қаласы 6. Сабыров Алмаз Қайырберліұлы 1993 «Атырау техникалық байқау компаниясы» ЖШС директоры Атырау облысы, Атырау қаласы 7. Тулепкалиев Айбар Ермеккалийұлы 1997 «Inder Tuz Company» ЖШС директоры Атырау облысы, Атырау қаласы «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 1. Байжанов Нуртас Жарылгасинович 1988 Атырау облысы бойынша «Ауыл» партиясы ҚБ өңірлік филиалының төрағасы Атырау облысы, Жылыой ауданы 2. Сатыбалдиев Асылан Муратулы 1993 «Фермер» СО басқарушы директоры Атырау облысы, Атырау қаласы 3. Умбетов Кенес Онгарбаевич 1984 «ЭКО-САФ» ЖШС директоры Атырау облысы, Атырау қаласы 4. Жанбала Элмира Утебайкызы 1973 Директор, ЖК «Жанбалаева Э.У» Атырау облысы, Атырау қаласы «Әділет» партиясы 1. Шакуликова Гулзада Танирбергеновна 1973 «Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректоры Атырау облысы, Атырау қаласы 2. Каршегенов Алтынбек Тулеугалиевич 1970 «Атырау Жарық» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Атырау облысы, Атырау қаласы 3. Ажгалиева Айгуль Темиртасовна 1966 Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының басшысы Атырау облысы, Атырау қаласы 4. Амиргалиева Айгуль Маулышарифовна 1970 «Амангелді атындағы» ЖШС төрағасы Атырау облысы, Атырау қаласы 5. Салахаденов Кайрат Шаменович 1969 «West Dala» ЖШС Бас директоры Атырау облысы, Атырау қаласы 6. Насенкова Любовь Анатольевна 2003 Атырау қаласының №3 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Атырау облысы, Атырау қаласы 7. Сарсенов Сагын Жаксылыкович 1975 «Сункар Девелопмент» ЖШС Бас директоры Атырау облысы, Атырау қаласы 8. Кемалов Кайрбай Конысбаевич 1983 «Даму» ПСК» ЖШС бас инженері Атырау облысы, Атырау қаласы 9. Құрметұлы Абылай 1994 «Жастар рухы» жастар қанатының Атырау облыстық филиалының төрағасы Атырау облысы, Атырау қаласы 10. Тахауов Бауыржан Бакытович 1968 Қазақстан Республикасының отырып ойнайтын волейбол ұлттық құрамасының бас бапкері Атырау облысы, Атырау қаласы 11. Алипов Ибрагим Аманбаевич 1974 «Каспий-Экспо»ЖШС құрылтайшысы Атырау облысы, Атырау қаласы 12. Азмуханов Канат Кадыржанович 1981 Қызылқоға ауданының әкімі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы 13. Нурлыбаев Кайрат Ескабылович 1973 Махамбет ауданының әкімі Атырау облысы, Махамбет ауданы 14. Бейсқали Толқын Ермекқызы 1967 Жұмыссыз Атырау облысы, Қызылқоға ауданы 15. Жубанов Нурпейс Бактигереевич 1982 «ЕвроЦементтранс Атырау»ЖШС Бас директоры Атырау облысы, Атырау қаласы 16. Карабаева Айжан Сарсеновна 1976 Қ. Дүтбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры Атырау облысы, Атырау қаласы 17. Кашкенова Майра Турлановна 1966 «SENIM»Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Атырау облыстық филиалының төрағасы Атырау облысы, Атырау қаласы 18. Максутов Роман Зулхарнаевич 1963 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері» РҚБ филиалының төрағасы Атырау облысы, Атырау қаласы 19. Булекбаев Жандос Талгатович 1985 «АМӨЗ» ЖШС мемлекеттік органдармен және мердігерлік ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Атырау облысы, Атырау қаласы 20. Абдолов Ардак Досжанович 1974 «Иранида-Lux» ЖШС директоры Атырау облысы, Атырау қаласы 21. Кадиров Берик Нурбаевич 1988 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Атырау облысы бойынша өңірлік филиалының директоры Атырау облысы, Атырау қаласы 22. Шмаль Олег Иосифович 1972 «Видергебурт» неміс этномәдени ҚБ төрағасы Атырау облысы, Атырау қаласы 23. Амангалиев Аскар Серикович 1984 «Engineering Services Provider»ЖШСдиректоры Атырау облысы, Атырау қаласы 24. Амантурлин Жанай Ислямгалиевич 1973 Индер аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы Атырау облысы, Индер ауданы Қазақстан Халық партиясы 1. Досмухамбетова Балжан Ибатовна 1964 «ҚХП» ҚБ Атырау облыстық филиалының төрағасы Атырау облысы, Атырау қаласы 2. Оңдасынұлы Елдос 1998 «АМӨЗ» ЖШС, Огметр БӨАжА инженері Атырау облысы, Атырау қаласы «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» 1. Асылбаева Аружан Русланқызы 2002 «Amali» ЖК,аудармашы Атырауская область, г. Атырау 2. Каметов Бакыт Хабидуллаевич 1967 Жұмыссыз Атырау облысы, Атырау қаласы 3. Умирзахов Гадилбек Сиратович 1977 «СтройГрупп»ЖШС, директор Атырау облысы, Исатай ауданы «Respublica» партиясы» 1. Жолмуханова Асель Бауржановна 1988 ЖШС директоры және құрылтайшысы «SolarA.kz» Атырау облысы, Атырау қаласы 2. Утебаев Галымжан Саламатович 1989 Respublica партиясының Атырау облыстық филиалының директоры Атырау облысы, Атырау қаласы 3. Кәрімжан Гүлназ Кәрімжанқызы 1985 «BN production» медиа және кино мектебінің директоры Атырау облысы, Атырау қаласы 4. Қайырғали Қален Қайырғалиұлы 1994 «KazDriv-Qurylys» ЖШС директоры және құрылтайшысы Атырау облысы, Атырау қаласы 5. Орунбаев Нурлан Куттыбекович 1976 «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалының директоры Атырау облысы, Атырау қаласы
Жарияланды:
Ақпарат
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізіміне енгізілген С.Б.Касеновты аталған тізімнен шығару туралы
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізіміне енгізілген С.Б.Касеновты аталған тізімнен шығару туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 105-бабына сәйкес «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінен шығару туралы келіп түскен С.Б. Касеновтың өтініші негізінде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясыҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2026 жылғы 29 қаршаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізіміне енгізілген Касенов Серик Беркингалиевич аталған тізімнен шығарылсын. 2. Осы қаулы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын. Төраға Ә.Қыстаубаева Хатшы А.Аманжулова Атырау қаласы 2026 жылғы 30 қазан № 36
Жарияланды:
Ақпарат
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу
enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебі ұсынылды "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 28 267,61млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 633,21 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1 428,29 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 151,28млрд теңгені құрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды. ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 қазанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,34%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,27%, ҚРҰБ депозиттері – 2,63%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,50%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,97%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,33%, МҚҰ – 1,00%. Активтердің 37,62%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,86%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,13%. Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 693,73 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 14,15 млрд теңгені, өзге кірістер – 3,48 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 706,33 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 2,64%-ды құрады. 2026 жылғы 1 қазандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,52%, ҚРҰБ депозиттері – 3,34%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 115,80 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 23,59 млрд теңге кіріс әкелді. 2026 жылғы ққазанға дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 173,20 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 19,15%. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушылар ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 206,11 млрд теңге. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 32,66 млрд теңге. Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 29,19%, РЕПО – 17,21%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 11,12%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,95%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,10%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,78%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,86%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,48%, МҚҰ – 1,70%. Атап кетейік, портфельдің 61,32% теңгемен, 38,22% АҚШ долларымен, 0,46% басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 9,46%. "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 29,57 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 19,07%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 18,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 16,74%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,44%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 5,62%, активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексінің құрамдас бөліктерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 5,17%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,68%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 82,13%-ын, АҚШ долларымен 17,87%-ын құрайды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,75%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ[2] сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,21 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 27,04%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 9,75%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,95%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,64%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,67%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 7,15%, ҚРҰБ ноттары – 7,98%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 6,06%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,59%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,79%-на, АҚШ долларымен – 36,21%. Зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі – 7,92%. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 91,95 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ЕДБ облигациялары – 16,53%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,97%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 10,61%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,38%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 8,82%, шетелдік мемлекеттердің МБҚ – 8,33%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 6,70%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,76%, МҚҰ – 1,68%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 66,95%, АҚШ долларында – 33,05% инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,22%. "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026 жылғы жағдай бойынша "Tansar Capital" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 1,87 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар төмендегідей: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 34,67%, Репо – 15,98%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,47%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 61,88%, АҚШ долларымен – 38,12% инвестицияланды. "Tansar Capital" АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірде бастады. Зейнетақы активтерін басқаруды бастағаннан бергі кірістілігі – 0,00% құрады. "Tansar Capital" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 43,85 млрд теңге. ҚР ЕДБ облигацияларына – 33,30%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 13,44%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 11,05%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 7,88%, РЕПО – 7,17%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,03%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,82%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,17%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 1,30% инвестицияланды. Ұлттық валютада портфельдің 77,71%-ы, АҚШ долларында 22,29%-ы инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 13,95%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. Естеріңізге салайық, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда [2]01.01.2026 жылдан бастап "БЖЗҚ" АҚ "Halyk Global Markets" АҚ-дан алынған 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу туралы хабарлама негізінде "Halyk Global Markets" АҚ-ға зейнетақы жинақтарын аударуға өтініштерді қабылдауды жүзеге асырмайды
Жарияланды:
Ақпарат
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы
Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтері 2014 жылы БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістің жалпы көлемі 14,30 трлн теңгені құрады. Жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерін ескергенде, зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық кірістің үлесі – шамамен 40%. Ұзақ мерзімді инвестициялаудың маңыздылығын жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бүкіл жұмыс кезеңіндегі нәтижелері де айқын көрсетеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік 1 090,84%-ды құраса, осы кезеңдегі инфляция деңгейі 1 014,83% болды. Бұл көрсеткіштер зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижелерін ұзақ мерзімді кезең тұрғысынан бағалаудың маңыздылығын растайды. Зейнетақы жинақтары ондаған жылдар бойы қалыптасады. Осы уақыт аралығында түсіп отыратын зейнетақы жарналары түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады, ал алынған кіріс салымшылардың зейнетақы капиталын ұлғайтып қана қоймай, одан әрі инвестициялауға қатысады. Инвестициялық кірістілік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Инвестициялау нәтижелері бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары бойынша сыйақы түсімдеріне, олардың нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ валюта бағамдарының ауытқуына тәуелді. Жекелеген кезеңдерде нарықтық және валюталық қайта бағалау инвестициялаудың жалпы нәтижесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай ауытқулар қаржы нарығына тән құбылыс болғандықтан, зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін ұзақ мерзімді кезеңдегі нәтижелер негізінде бағалаған жөн. Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарға есептелген инвестициялық кіріс көлемі 766,32 млрд теңгені, ал жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша 139,39 млрд теңгені құрады. Еске сала кетейік, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен портфельдерін дербес таңдау жөніндегі құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. 2026 жылдан бастап салымшылар ИПБ ұсынатын тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық стратегияның бірін таңдай алады. Бұл ретте әрбір ИПБ активтерді өзі таңдаған бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады. Инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша ИПБ қамтамасыз ететін кірістілікті бағалаудың эталондық көрсеткіші ретінде композиттік бенчмарк белгіленген. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).