Экстремизм мен терроризм: сана сүзгісі мен рухани иммунитет

    Кентау қаласында барлық мешіт имамдарымен «Экстремизм мен терроризм: сана сүзгісі мен рухани иммунитет» тақырыбында экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шараның мақсаты – мешіт қызметкерлерінің экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы әлеуетін арттырып, қоғамда қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолында бірлескен әрекеттерді күшейту болды.

    Іс-шара барысында экстремизм мен терроризмнің қазіргі заманғы формалары, оларды насихаттау тәсілдері және қоғамға тигізетін залалды әсерлері талқыланды.

    Қызметкерлерге экстремистік бағыттағы идеялар мен терроризм әрекеттерінің діни ұғымдармен бүркемеленуі туралы түсіндірілді.

    Кездесуде экстремизм мен терроризмнің анықтамасы, белгілері, қауіптілігі және зардаптары туралы ақпараттар берілді.

    Терроризмнің жаһандық және ұлттық қауіптері, террористік әрекеттердің алдын алудың ұлттық механизмдері мен террористік ұйымдардың идеологиялық ықпал ету тәсілдері талқыланды.

    Сонымен қатар, экстремизм мен терроризм профилактикасы бойынша діни қызметкерлердің ақпараттық ағартушылық бағыттағы жауапкершілігі жоғары екені атап өтілді.

    Имамдардың жамағатпен тығыз байланысы – теріс идеологиялардың алдын алуда маңызды құрал екені сөз етілді.

    Бұдан бөлек, терроризмге қарсы іс-қимыл туралы ұлттық заңнама нормалары, экстремистік әрекетке бейім мінез-құлық белгілері және оларды ерте кезеңде анықтаудың маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылды.

    Кездесу соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.

    Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары